Cенатор Гүлмира Кәрімованың өліміне қатысты сот-медициналық сараптаманың алдын ала қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
27 қаңтар күні 45 жасқа қараған шағында жаңадан сайланған сенатор Гүлмира Кәрімованың кенеттен дүниеден озды. Алдын ала қойылған диагноз - анафилактикалық шок еді. Бұған қатысты нақты деректерді Астана қаласы, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жариялады.
- "Сот-сараптамалық зерттеудің алдын-ала нәтижелері бойынша науқас өлімінің тікелей себебі - жедел миокард инфарктісі болып табылады. Анафилактикалық шок ықтималдылығы туралы күдік расталмады. Сондай-ақ, жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына дер кезінде жеткенін атай кеткіміз келеді, бұл 5 минут уақытты алды. Бригада оқиға орнына жеткенде, өкінішке орай, науқас өмір белгілерін танытпады. Яғни, ес-түсін жоғалтқан, тамыр соғысы білінбеген, тынысы болмаған. Соған қарамастан, реанимациялық іс-шаралар өткізілді, бірақ одан нәтиже болмады. Марқұмның туғандары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз", - деп хабарлады Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.Гүлмира Кәрімова қысқа ғұмырында ұстаздықты серік етті. Оның жарқын бейнесі әрдайым шәкірттерінің жадында сақталады.
"Адырна" ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезі аясында алғаш рет бұұ-ның қолдауымен діни Нысандарды қорғау жөніндегі арнайы сессия өтті