Шымкенттің ауруханасынан тағы ши шықты. Бұл жолы бүйрегін ауыстырған науқастар наразылық көрсетті. Ауыр отаны еңсеріп, аман қалған азаматтар тиісті медициналық көмектен қағылатын болдық деп отыр. Өйткені №1 клиникалық аурухана әкімшілігі нефрология бөлімшесін жауып, оны терапия бөліміне қосқан, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
"Неврология бөлімін жауып, терапияға қосып қойды. Сол жерден үш-ақ палата беріп отыр. Ол жерде науқас көп, трансплантация жасалған науқастар бар – 450 адам. Диализге дейін баратындар бар, онда 100-ден астам адам. Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігімен ауыратын кісі көп. Сол үшін біз өзіміз сыймай тұрған кезде алды да, қысқартып тастады", - деп хабарлады Бірінші топтағы мүгедек Мақсат Құлсериев.Бүйрегі ауыратын науқастардың талабы орындалмаған. Олар біраздан бері жатын орынды көбейтуді сұраған, бірақ талабын орындаудың орнына, тұтас бөлімшені жауып тастаған.
Жиналғандар "Бұл – қолдан жасалған қастандық" деп отыр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.
"Адырна" ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар
Шығыс Қазақстан облысындағы денсаулық сақтау саласында JCI стандарты бойынша қызмет көрсету оң жолға қойылды
Шымкент
денсаулық
аурухана
Денсаулық министрі
Неврология бөлімі
№1 клиникалық аурухана
Шымкенттің ауруханасы
нефрология бөлімшесі