РФ президентінің баспасөз хатшысы Песков АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің Қазақстанға сапары туралы пікір білдірді, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.
"Біз Қазақстанмен қарым-қатынасымызды бағалаймыз. Бізде өзара іс-қимылдың өзіндік форматы бар. Бізді екіжақты байланыстар да, бірлескен интеграциялық жобалары да біріктіреді. Әрі қарай да ыңтымақтастығымыздың дамуындағы оң динамиканы сақтайтын боламыз" - деп мәлімдеді Песков.
Естеріңізге сала кетейік, 28 ақпанда АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға арнайы сапармен келіп, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен және ҚР СІМ басшысы Мұхтар Тілеубердімен кездескен еді.
"Адырна" ұлтттық порталы