Жанқош Тұраров жартылай орта салмақта IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды. Бұл туралы prosports.kz хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.
Алматыда өткен бокс кешінде қазақ боксшысы Жанқош Тұраров (26-0, 19 КО) титулдық жекпе-жек өткізді.
Тұраров мексикалық Алехандро Менесеспен (16-5, 9 КО) IBO тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы титулы үшін жұдырықтасты. Айта кетейік, бұл жекпе-жекте Мексика боксшысы чемпион мәртебесіне ие болғанымен, қазақстандық боксшы айқын фаворит саналған болатын.
Жекпе-жек он екі раундқа жоспарланған. Алайда оныншы раундтың басында Алехандро жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.
Осылайша, Жанқош Тұраров кәсіпқой мансабындағы 27-ші жеңісіне қол жеткізіп, IBO тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпиондық белбеуіне қол жеткізді. Алехандро Менесес кәсіпқой бокста алтыншы рет жеңіліске ұшырап, титулынан айырылды.
"Адырна" ұлттық порталы