Семейдегі орман өрті оқшауланғаны хабарланды

3377
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/06/izobrazhenie_2023-06-14_220546741.png
Абай облысындағы орман өртінің беті қайтқаны хабарланды, деп жазады "Адырна". 2023 жылғы 14 маусымда сағат 21:00-де әуеден барлау және жедел жағдайды бағалау қорытындысы бойынша ТЖ вице-министрі генерал-майор Марат Күлдіков Абай облысындағы Семей орманы табиғи резерватының аумағындағы табиғи өрттің оқшауланғанын жариялады. Өрт толық жойылғанға дейін оқшауланған ошақтардың орындарына үнемі су төгу, сондай-ақ өрттің шетіне топырақ себу жүзеге асырылады.
Пікірлер