«Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі» қоғамдық қоры ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік грант аясында «Адырна» ұлттық порталында «Ұлттық құндылықтар - ұлт қорғаны» атты мақалалар байқауын жариялайды.
Мақсаты:
Қазақ халқының ұлттық құндылықтарын, дүние-танымдық ерекшеліктерін, тарихи-мәдени мұраларымызды насихаттау. Оларды өзге мәдени экспанциялар мен жат ағымдардан қорғау.
Шарттары:
- Мақала қазақтың ұлттық ерекшеліктеріне, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына арналуы тиіс;
- Мақала 10 беттен аспауы керек;
- Мақала бұрын еш жерде жарияланбауы тиіс;
- Көркемдік ерекшелігіне, тіл байлығына, грамматикалық, стилистикалық сауаттылығына баса мән беріледі;
- Мақаланың «Адырна» ұлттық порталындағы оқылым көрсеткіші де ескеріледі.
Бас жүлде: 300 000 теңге;
- орын – 250 000;
- орын – 200 000;
- орын – 150 000;
Екі авторға арнайы сыйлық 80 000 теңгеден.
Жалпы жүлде қоры 1 000 000 теңге.
Байқаудың мерзімі: 20 сәуір мен 30 қазан аралығы
Байқауға қатысатын мақалалар ongarkabdenov8@gmail.com, adyrnaportal@gmail.com, meru_80@mail.ru, aydarbekova.akgul@mail.ru электронды пошталарына жолдауы тиіс.
электронды поштасына жіберілуі керек.