АҚШ елшісі: Каспий құбыр консорциумы нысандарының қауіпсіздігі туралы келісім қажет

1362
Adyrna.kz Telegram

Каспий құбыр консорциумы нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін келісім жасалғаны дұрыс. Бұл туралы АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм Астана қаласында БАҚ өкілдерімен өткен дөңгелек үстелде айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Каспий құбыр консорциумының коммерциялық және азаматтық нысандары мен инфрақұрылымының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектесетін қандай да бір келісім болса, барлығына жақсы болар еді. Мен мұның қаншалықты мүмкін екенін білмеймін, бірақ әскери әрекеттер коммерциялық және азаматтық нысандарға ешқандай әсер етпеуі үшін осындай келісім жасалғанын дұрыс деп санаймын»,—деді ол.

Айтуынша, қазақстандық және америкалық тараптар Каспий құбыр консорциумының қауіпсіздігі мәселесі талқылаған.

«Бұл тек Қазақстан үкіметімен ғана емес, мұнайды үздіксіз және қауіпсіз тасымалдау үшін өз жұмысында консорциумға сенетін түрлі компаниялардың өкілдерімен де келіссөздер жүргізілді. «ҚазМұнайГаз» мемлекеттік компания болғандықтан, бұл компанияның, инвесторлардың және Қазақстан үкіметінің жауапкершілігінде»,—деп толықтырды елші.

Пікірлер