Бір қызық айтайын ба?
Жазушы Кемел Тоқаевты ұлы президент болмай тұрып ұлықтаған, детектив жанрының дамуына елеулі үлес қосқан, тіпті сол заманда Кемел Тоқаев атындағы қаламгерлер бәйгесін ұйымдастырған бір ғана ұйым бар. Ол Досымбек аға, Айнұр Сембаева бастаған “Заң” газетінің ұжымы.
Жазушылар Одағы детектив жанрын менсінбейтін еді ғой.
Жазушылар Одағы сондай бәйге ұйымдастырыпты дегенді естіңіздер ме? Қазір ЖО-ны қойып, универлер, кітапханалар бәйге ұйымдастырып кетті.
Ең бір қызығы, Кемел Тоқаевтың 100 жылдығында жоғары жақ “Заң” газетін бір іс-шарасына қосқан жоқ.
PS. “Заң” газеті бізді елемеді деп ренжіп жатқан жоқ. Жыл сайын дәстүрлі бәйгені өткізе береді. Бәрі детектив жанры үшін, есті оқырман үшін.
Ұқсас жаңалықтар
Құдайым-ау, неткен сәбеттік ностальгия бұл?! Ғылым академиясы қайтып тірілсе, Жазушылар одағына дені дұрыс басшы сайланса, қазақтар ғылым мен әдебиет салаларында Нобель сыйлығын қырып алады екен ғой.))