Назарбаев Университетінің мәртебесі мен бағытын өзгертпейміз – Саясат Нұрбек

1701
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/img_6614-960x500.jpeg?token=d81d01b5819f8c3fbb00c511b9ca21b4

Назарбаев Университеті ерекше мәртебесінен айырыла ма? Бұл сұраққа Үкіметтегі брифинг барысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жауап берді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Министр атап өткендей, университеттің мәртебесі жеке заңмен нақты бекітілген, министрлік оны жоюға немесе өзгертуге ниетті емес. «Сонымен бірге қазір өздеріңіз білетіндей, заңға белгілі бір өзгерістер енгізілді, премьер-министр басқарған Қамқоршылық кеңес пен Жоғары Қамқоршылық кеңес құрылды. Университеттің қаржылық бөлігін жақсарту үшін де, ғылыми-зерттеу әлеуетін
күшейту үшін де белгілі шаралар қабылданатын болады. Сондықтан түзету шаралары міндетті түрде болады. Бірақ, жалпы, біз бұл оқу орнының мәртебесі мен  бағытын өзгертпейміз», – дейді Саясат Нұрбек. Естеріңізге сала кетейік, шілде айында Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев дербес білім беру ұйымдарының Жоғары қамқоршылық кеңесінің басшысы мәртебесінен айырылды. Ал жақында қазақстандықтар Назарбаев Университетін қаржыландыруға ықпал ете алатыны белгілі болды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер