Алматы әуежайының екі аға-менеджері қызметінен босатылды. Ақпаратты әуе портының баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Компания тобын қайта құруды жыл сайынғы жоспарлау аясында Алматы халықаралық әуежайында екі экспат-менеджер жұмысын тоқтатты», - делінген хабарламада.
Осылайша аға вице-президент Йеткин Четин Пакер мен бірінші вице-президент Фатих Омур директорлар кеңесінен кетті. Олар әуежайдың ресми сайтындағы басқару тізімінен де алынып тасталды.
Ұқсас жаңалықтар
Біздің оңтүстік астанамыздың кептелістерін еске түсіре отырып, қала билігі Өзбекстаннан үлгі алып, тезірек жұмыс істеуі керек.