"Жетім көл". Қаракөлде 600-ден астам аққу өлі табылды

1485
Adyrna.kz Telegram

Қаракөлде 601 аққу өлі табылды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Zakon.kz-ке сілтеп.

Маңғыстау облысындағы Қаракөл көлінде 601 сыбырлақ аққудың өлгенін облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы растап отыр. Облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Ғаббас Досатов өлген құстар туралы ақпарат берді.

"2023 жылдың 21 желтоқсанында Қаракөл көлінде аққулардың өлгені туралы алғашқы хабарлама түсті. Біз ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне қарасты Ветеринария ұлттық референттік орталығының мамандарына, Қазақстанның Микробиология және вирусология институтының мамандарына хабарластық. Олар зерттеу жүргізу үшін мамандарын аққу өлексесінен сынама алуға жіберді. 6 қаңтардағы жағдай бойынша біз 601 бастың өлімін тіркедік. Өлген аққудың 90%-дан астамы – балапаны. Біз Қазақстанның биоәртүрлілігін сақтау қауымдастығының орнитологтарынан қосымша зерттеу жұмыстарын күтеміз",- деді ол.

Әзірге аққулардың неден өлгені туралы ақпарат жоқ.

Пікірлер