Қазақстан аумағында киік аулау уақытша тоқтады. Бұл туралы Парламент Мәжілісінде орман қорғау тақырыбына арналған Үкімет сағатынан кейін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Отандық ғалымдармен және халықаралық сарапшылармен кеңесіп, пікірталас жүргізгеннен кейін киік ату тоқтатылды. Сонымен қатар, қазір қыс кезінде далада жүру қиындады. Сондықтан 10 ақпаннан бастап киіктердің санын реттеу процесін тоқтаттық», - деді министр Ерлан Нысанбаев.
Министрдің айтуынша, киік аулау жұмыстары келесі жылы қайта жалғасады.
«Былтырғы тәжірибені ескере отырып, биыл егжей-тегжейлі есеп жүргізіледі. Алдын ала есептеу бойынша шамамен 40 пайыз өсім болды. Жалпы, былтырғы өсімді есепке алғанда төлдейтін уақытта шамамен 2,5-2,6 миллион бас болады. Тіпті пессимистік жағдайда да биыл өсім байқалады», - деді ол.
Ұқсас жаңалықтар
Сыртқы істер министрлігі бұрынғы совет елдері тәуелсіздігіне шүбә келтірген Қытай елшісіне қатысты пікір білдірді
Қазақстандық оқушылар Пекинде өткен IOAI 2025 Халықаралық жасанды интеллект олимпиадасында рекордтық жетістікке жетті