Павлодарда көпқабатты үйден құлаған әйел көз жұмды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
51 жастағы қала тұрғыны биіктен құлап, ауыр жарақат алған болатын. Оқиға 13 ақпанда сағат 17:03-те болды.
Дәрігерлер науқастың өміріне араша бола алмағанын айтады.
"Өкінішке орай, ол ауруханаға түскеннен кейін үш сағаттан соң қайтыс болды", – деп хабарлады Павлодар қаласының бірінші қалалық ауруханасы.Куәгерлердің сөзінше, әйел адам көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен.
Ұқсас жаңалықтар
Орыстар Елцин тұсында қалаларының атын ауыстырды, сонда біздікілер неғып Павлодар мен Петропавлды ауыстырмады екен?
