Ішімдіктен соң. Ер адам әйелін жүріп бара жатқан көліктен итеріп жіберген

3285
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/218e3cc5-db45-4f66-88ea-d8b7dbb7d860-960x500.jpeg?token=176e8739b576ea02153d4c78f182a438
Астанада ер адам әйелін көліктен көшеге лақтырып жіберді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. Түнгі 02.00 шамасында «102» пультіне Geely көлігінің мас жүргізушісі жол бойында әйел адамды ұрып-соғып жатқаны туралы хабарлаған. Көлік ішінде ер адам мен әйел болған. Олар дәмханада ішімдік ішіп, сол жерде жанжалдасып қалған. Олар мас күйінде көлікке отырған. Алайда көлік жүргізіп келе жатқанда ерлі-зайыптылардың арасындағы төбелес жалғасып, жүргізуші көлікті тоқтатып, әйелді жүріп бара жатқан көліктен итеріп жіберген.
«Полицейлер жүргізушіні көлік жүргізуден шығарып, медициналық тексеруден өтуін сұрады. Алайда жүргізуші полиция қызметкерінің заңды талабын орындаудан үзілді-кесілді бас тартты. Полиция талаптарын орындамағаны және алкогольдік масаңдық бойынша тест тапсырудан жалтарғаны үшін жүргізуші 25 тәулікке әкімшілік қамауға алынады. Көлік коммуналдық тұраққа қойылды», - делінген полиция хабарламасында.
Пікірлер