Малайзия премьер-министрі Әнуар Ибрагим Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа туған күніне орай торт тарту етті. Бұл туралы Ақорда жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапарын аяқтаған Малайзия премьер-министрі Әнуар Ибрагимді елорда әуежайында өзі шығарып салды», - делінген жұма күні таратқан хабарламада.
Өз кезегінде Әнуар Ибрагим Қазақстан Президентіне жылы лебізі үшін алғыс айтып, туған күніне орай ізгі тілегін білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
Шахтадағы апат. Тоқаев «АрселорМитталТеміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды