БАҚ - «масс-медиа» болған, журналистерді алаңдатқан заң мақұлданды

3501
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/06/senat-960x500.jpg?token=ec46a4215599f61d3d15b488449cf65a
Парламент Сенаты Масс-медиа туралы Мәжіліс қабылдаған заң жобасын мақұлдады. Бұл туралы палатаның Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі Айгүл Қапбарова айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. «Масс-медиа туралы» заңға мынандай жаңашылдықтар енгізу көзделген:
Бірінші, мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарына отандық контентті дамыту, Қазақстан Республикасының ақпараттық егемендігін нығайту және қорғау үшін гранттық қаржыландыру берілетін болды; Екінші, бұқаралық ақпарат құралында жарияланған ақпараттар бойынша жеке немесе заңды тұлғалардың талап қою мерзімі бір жыл болып белгіленді; Үшінші, БАҚ сұрауларын қарау мерзімі 7 жұмыс күннен 5 жұмыс күніне дейін қысқартылды; Төртінші, БАҚ қызметіне өзін-өзі реттеуге, медиа саланы дамытуға мүмкіндік беру мақсатында ерікті негізде қоғамдық-кәсіптік кеңес құруға және журналистердің әдеп кодексін әзірлеуге мүмкіндік берілді; Бесінші, Мемлекеттік тілдегі теле, радиобағдарламалардың апта сайынғы көлемін 50% - дан 60% - ға дейін кезең-кезеңімен ұлғайту белгіленді (2025 жылдан бастап 55%, 2027 жылдан бастап 60%); Алтыншы, отандық теле, радио бағдарламалардың және қазақстандық авторлардың/орындаушылардың музыкалық шығармаларының отандық теле, радиоарналардағы көлемін 50% - дан 60% - ға дейін кезең-кезеңімен ұлғайту (2025 жылдан бастап 55%, 2027 жылдан бастап 60%) көзделді; Жетінші, отандық теле, радиоарналардағы шетелдік бағдарламалардың ретрансляциясын 20% - дан 10% - ға дейін азайту% белгіленді; Сегізінші, журналистің кәсіби қызметінің құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз ету жөнінде нормалар енгізілді. Сондай-ақ, ол қолданыстағы ұлттық заңнамада кездесетін «бұқаралық ақпарат құралдары» сөзі «масс-медиа» сөзімен ауыстырылатынын атап өтті.
Пікірлер