Сексенге жуық  пікірсайысшы Ақмола облысы әкімінің кубогын сарапқа салды

1305
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/07/whatsapp-image-2024-07-09-at-14.47.50.jpeg
Ақмола облысы әкімінің кубогына арналған мектеп оқушылары арасындағы облыстық пікірсайыс турнирі аяқталды. Оған өңірдін 10 ауданынан, 3 қаласынан 26 команда қатысты. Ұйымдастырушы «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы. Турнир 2 кезеңнен тұрды, бірінші кезең: «Аймақтық» (онлайн форматта) – «тірек» пікірсайыс клубтары, бекітілген аудандармен, ведомствоға бағынысты ұйымдармен аймақтық пікірсайыс турнирлерін өткізді. Екінші кезең: «Облыстық» (оффлайн форматта) – Ақмола облысы әкімінің кубогы үшін облыстық пікірсайыс турнирі. Пікір-сайыс жарысы дүниежүзілік мектеп форматы бойынша өткізіліп, іріктеу кезеңінен, жартылай финалдан және финалдан тұрды. Турнир қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді: Қазақ лигасында: 1 орын – «Шың» тобы Целиноград ауданы; 2 орын - «Жаңа Дәуір» тобы Степногорск қаласындағы №4 «Болашак» облыстық мамандырылған мектеп-лицей-интернаты; 3 орын – «Жігер» тобы Есіл ауданы. Орыс лигасында: 1 орын – «Железный человек» тобы Косшы қаласы; 2 орын – «Парасат» тобы Шортанды ауданы; 3 орын – «DRCL» тобы Көкшетау қаласы. Ағылшын лигасында: 1 орын - «Tetramind» тобы Бурабай ауданы, Щучинск қаласының «Білім-инновация» IT лицей-интернаты; 2 орын – «Iron Man» тобы Қосшы қаласы; 3 орын – «Elite» тобы Бурабай ауданы. «Үздік спикер» номинациясына қазақ лигасында Жақсы ауданы «Парасат» тобының спикері Жалбыр Арайлым иеленді; «Үздік спикер» номинациясына орыс лигасында Бурабай ауданы «Болашақ» тобының спикері Естаева Мадина иеленді; «Үздік спикер» номинациясына ағылшын лигасында Қосшы қаласы «Iron Man» тобының спикері Нурай Маусымбаева иеленді. «Үздік төреші» номинациясына қазақ лигасында төреші Гүлжан Әмірбек иеленді. «Үздік төреші» номинациясына орыс лигасында - төреші Аружан Айтмұхамбет иеленді. «Үздік төреші» номинациясына ағылшын лигасында - төреші Әсем Әнуарбекова иеленді. Жеңімпаздар Ақмола облысы әкімінің кубогымен және І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен, сыйлықтармен, команда жетекшілері – алғыс хаттармен марапатталды. 1 орынға ие болған жеңімпаздар республикалық пікірсайыс турнирінде Ақмола облысының намысын қорғайды.
Пікірлер