Дауысымды ел болашағы үшін бердім – журналист Бигелді Ғабдуллин таңдау жасады

1088
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/10/img-20241007-wa0000.jpg
Қазақстандық журналист, жазушы Бигелді Ғабдуллин Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдумға қатысты.  Журналист Бостандық ауданында орналасқан №191 мектептің №235 сайлау учаскесіне барды. Дауыс берген соң, Бигелді Ғабдуллин референдумның маңыздылығын атап өтіп, сондай-ақ бұл әрбір азаматтың өз пікірін білдіруге ерекеше мүмкіндік екенін айта кетті. «Өз дауысымды ел болашағы үшін бердім. Қандай шешімді қолдайтынымды өздеріңіз тауып көріңіздер...» - деп өзінің әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазба қалдырды. Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтуде. Алматылықтар тұрғылықты жері бойынша сайлау учаскелеріне барып, сағат 20.00-ге дейін өз дауыстарын бере алады.
Пікірлер