Түркі мемлекеттері ұйымының XI саммитінде Түркі мемлекеттері ұйымының туын бекіту туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Caliber.Az-ге сілтеме жасап.
Қабылданған шешім мәтінінде былай делінген:
«Түркі халықтарын біріктіретін ортақ тарихи және мәдени құндылықтарды мойындай отырып, көпқырлы ынтымақтастықты нығайтуға, өзара прогреске, бірлік пен ынтымақтастықты күшейтуге деген адалдығын растай отырып, 2012 жылғы 22 тамызда Бішкекте өткен Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің Сыртқы істер министрлері кеңесінің келісілген хаттамасына негізделе отырып, Түркі мемлекеттері басшыларының кеңесі мынадай шешім қабылдады:
- Түркі мемлекеттері ұйымының төменде көрсетілген сипаттамасы бар туын бекіту.
- Осы шешімнің 1-тармағына сәйкес, басқа түркі ынтымақтастық ұйымдарының түстер схемасын Түркі мемлекеттері ұйымының туына сәйкестендіруге және осы ұйымдардың жаңартылған туларының бекітілуіне көшу».