Астана қаласы Мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұлов "субұрқақ құрылысынан қаржы жымқырғаны үшін" 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Екінші айыпталушы құрылыс компаниясының басшысы Мәди Қанапин өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға тыйым салынып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Мәди Қанапин қаладан шықпау туралы жазбаша міндеттемемен сот залында қамауға алынды.
«Болат Мажағұлов Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағында («Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иелену немесе аса ірі мөлшерде жымқыру») көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылып, өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айрылып, қауіпсіздігі орташа мекемеде жазасын өтейді» деп мәлімдеді судья Әсел Мұқышова.
"Алаяқтық, аса ірі көлемдегі ұрлық, кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу..." Тағы бір министр сотталды