Қызылордада төбелес салдарынан мектеп оқушысы көз жұмды

3383
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/policziya-960x500.jpeg?token=872acba811ec7e4ef3d5f3b21d5a1ae9
Қызылордада жасөспірімдердің төбелестен кейін мектеп оқушысы өліп кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 17 жастағы жасөспірім 9-сынып оқушысын ұрып-соққан. Салдарынан бір оқушы қайтыс болды. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі кәмелетке толмаған баланың өлімі туралы ақпаратты растады.
"Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, полиция барлық материалдарды зерттеп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы қылмысқа қатысы бар басқа екі адамға қатысты бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, оларға қатысты сот үй қамағына алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады", - делінген ведомство мәліметінде.
Пікірлер