Ақтөбеде пәтер иесін аяусыз өлтірген жалға алушы 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
"Диапазон" басылымының мәліметінше, 54 жастағы ер адам танысына уақытша тұруға рұқсат берген. Алайда арада бір күн өткен соң, екеуі бірге ішімдік ішіп, бұл басқосу қанды оқиғаға ұласқан.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, пәтер иесі боқтап сөйлеген. Ал жалға алушы оны қорлау деп қабылдаған. Ашуға булыққан ол бірнеше рет балғамен басынан ұрып, артынша пышақпен кеудесіне соққы жасаған. Жәбірленуші ауыр жарақаттан сол жерде көз жұмған.
Сотта айыпталушы тек бір рет қана балғамен ұрғанын, кейінгі оқиғаны есіне түсіре алмайтынын айтқан.
Сот үкімімен ол 10 жылға бас бостандығынан айырылды.