"Әлемнің жартысы біздің диктатурамызды аңсайды". Лукашенко жетінші рет президент ретінде ант берді

1166
Adyrna.kz Telegram
Фото: Белта
Фото: Белта

Александр Лукашенко Минскідегі Тәуелсіздік сарайында рәсім жасап, жетінші рет Беларусь президенті қызметіне кірісті. Бұл туралы Белта порталы жазды, деп хабарлайды “Адырна”.

Басылым мәліметінше, Александр Лукашенко оң қолын конституцияға қойып, Беларусь тілінде ант берді.

"Беларусь Республикасының президенті қызметіне кірісе отырып, халқыма адал қызмет етуге, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге және қорғауға, Беларусь Республикасының конституциясын сақтауға және қорғауға, өзіме жүктелген жоғары міндеттерді қасиетті және адал орындауға салтанатты түрде ант етемін", - деді ол.

Сайлау қорытындысы бойынша биыл 26 қаңтарда Лукашенко президент болып сайланды. Оның кандидатурасы үшін 5 136 293 дауыс берілді. Бұл дауыс беруге қатысқан азаматтар санының 86,82 пайызын құрады.

"Әлемнің жартысы біздің диктатурамызды біздің халқымыздың нақты істері мен мүдделерінің диктатурасын армандайды. Сөз бостандығымен бізде бәрі жақсы. Бізде демократия өзін эталон деп атайтындарға қарағанда көбірек", - деді Лукашенко.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Пікірлер