Қуат Ресей чемпионатына ауысады

2758
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушы Исламбек Қуат Ресей премьер-лигасында өнер көрсететін "Оренбург" клубына ауысады. Бұл туралы Ural56 сайты клуб басшылығындағы дереккөзге сілтеме жасап хабарлайды.

Клуб пен ойыншы арасында келісім-шарт жақын арада жасалады. Қуат командаға еркін агент ретінде қосылады. Келісімшарттың басқа мәліметтері әзірге нақтыланбаған.

Қуат алматылық "Қайраттан" осы жылдың желтоқсан айында кетті. Кетерінде клубтың басшылығына және команданың президенті Қайрат Боранбаевқа алғыс білдірген болатын. Өзін басқа чемпионатта да сынап көргісі келетінін жасырмаған. Желтоқсан айында алматылық ұжымның қос бірдей көшбасшылары Георгий Жуков пен Бауыржан Исламхан да «Қайраттан» кетті.

Әйгілі transfermarkt.ru 26 жасар ойыншыны 2 миллион еуроға бағалап отыр.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер