Құрылыс нысаны жоқ болғанда, ешкім қаза таппайтын еді - Bek Air

3187
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2019/12/rejter.jpg
Фото Рейтер ақпарат агентігінен Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әуежайының жанындағы құрылыстың заңдылығын анықтауды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Bek Air өкілдерінің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды. "Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әуеайлақ маңындағы құрылыстың заңдылығын анықтауға тапсырма берді. Кеңес уақытында мұнда өте қатаң шектеулер болған. Тек қоршау бойында емес, әуе кемелерінің ұшып-көтерілу және қону аймағында құрылыс нысандары болмауы келрек еді. Мұнда заңның бұзылғаны анық. Тергеу амалдары барлығын анықтайды", - деді әуекомпания өкілдері. Олардың айтуынша, құрылыс нысаны жоқ болғанда, ешкім қаза таппайтын еді.
Пікірлер