Министр карантиндік шектеулердің ел экономикасына әсерін баяндады

3794
Adyrna.kz Telegram

Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов 2020 жылғы елдегі қаңтар-сәуірдегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын баяндады.

«2020 жылғы қаңтар-сәуір бойынша елдің экономикалық дамуы тауарлар өндірісі бойынша 5,8 пайызға өсті. Сонымен қатар көрсетілетін қызметтер 4,8 пайызға азайды. Осының нәтижесінде жалпы ішкі өнім 0,2 пайызға төмендеді.  Жылдық инфляция - 6,8 пайыз. Өндіріс секторындағы өсу - 7 пайызға, кен өндірудің өсуі - 6 пайызға, құрылыс саласы -  5,5 пайыз, ауыл шаруашылығының 2,2 пайызға өсуі байқалды», деді Руслан Дәленов.

Жыл басынан бері елдегі қызмет секторы 4 пайызға төмендеген. Қызмет саласының төмендеуі қабылданған карантиндік шектеулермен байланысты.

«Көлік секторы 11 пайызға, сауда 8,9 пайыз, әкімшілік қызмет көрсетулер 4 пайыз, жылжымайтын мүліктерде жасалатын операцияларда 2,7 пайызға төмендеді. Бұл ретте байланыс қызметтері қаңтар-сәуірде 9,6 пайызға артты. Егер сәуірді жеке қарайтын болсақ,  карантиндік ай өткен жылмен салыстырғанда, көрсетілетін қызметтер саласы 17,5 процентке  төмендеді. Атап айтқанда сауда және көлік 3,1-ге, әкімшілік қызмет көрсету 22,5 процентке, және жылжымайтын мүліктермен жасалатын операциялар 9,9 пайызға төмендеді. Бұл төмендеулер карантиндік шектеулермен байланысты», деді министр.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер