Ахметбек Нұрсила: Өз-өзімді қамадым. Халықты тексергім келді (видео)

37016
Adyrna.kz Telegram

Кеше әлеуметтік желілерде белгілі кәсіпкер Ахметбек Нұрсиланы арнайы жасақтың киіміндегі адамдардың ұстап әкеткен видеосы кең тараған болатын (https://adyrna.kz/post/37724) .

Бүгін Ахметбек Нұрсила өзінің Ютуб арнасы арқылы кешегі оқиғаны өзі ойлап тапқанын жеткізді. "Біраз адамдар маған ренжуі де мүмкін. Бұл хайпты  не үшін жасайсың. Халықтың сенімімен неге ойнайсың, елді дүрліктіріп деп ренжуі де мүмкін. Оны мен түсіндіріп кетейін. Мен халықтың болашағы бар ма, жоқ па екенін тексергім келді дейді.

Содан бір күн бұрын ғана өзін шет елдегі оппозиционер санайтын Ержан Тұрғымбаймен инстаграмм желісінде тікелей эфирге шығып, екеуінің саяси дебаты қоғамды бір дүрліктірді. Одан бұрын өзінің You Tube каналында "Сен" атты партиясының бірінші жиналысын өткізіп, партия құруға толық әлеуетім жетеді деп мәлімдеген.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер