Алматыда жастар орталығы ашылды

4624
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Алматы қаласы Алатау ауданында  Жастар ресурстық орталығының ашылу салтанаты өтті.  Орталық  инфрақұрылымды дамыту,  білім беру, жұмыспен қамту денсаулық сақтау, қолжетімді баспана, бизнесті дамыту және қаржылық сауаттылық, талантты жастарды қолдау және тағы басқа маңызды салалар бойынша қызмет атқарады.

Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі Қалдыбеков Азамат Бескемпірұлы орталықтың ашылуымен құттықтап, жастарды білімге, өнегеттілікке, отансүйгіштікке шақырды.

" Жастар ресурстар орталығы көптеген бағыттар бойынша жұмыс атқаруда. Оның ең бастысы заманауи талапқа сай Co-working  орталығының ашылуы. Жастар бұл жерге келіп бір-бірімен осы заманға сай технологиялық  ойларымен бөлісіп, бірге бір-бірімен пікір алмасып,  дамуға үлкен ықпал тигізеді деп сенемін.  Қ.Тоқаев өз сөзінде «Жастар тек қана біліммен қаруланып еңбекке арқа сүйеу керек» деген болатын.   Осы Co-working  орталығы  жастардың  білім алуына ықпалын тигізеді деп сенемін", - деді әкім.

 

Жастар ресурстық орталығы қызметінің негізгі мақсаты – жастар мен жастар ұйымдарын қолдау және дамыту үшін қызмет көрсету. Орталық жастарға арналған төмендегідей қызмет түрлерін атқарады:

-        Жастарға арналған мемлекеттік, салалық және қалалық бағдарламалар шеңберінде ұсынылатын мүмкіндіктер бойынша түсіндіру, ақпараттық жұмыс;

-        Жұмысқа орналастыруға, кәсіптік бағдар беруге жәрдемдесу бойынша, жастар кәсіпкерлігін, жастардың шығармашылық бастамаларын, Әлеуметтік және бизнес саласындағы жастар жобаларын қолдау бойынша белсенді жұмыс жүргізу;

-        Жастарға психологиялық көмек көрсету;

-        Нашақорлық, алкоголизм, темекі шегумен күрес бойынша алдын алу жұмыстары;

-        Шеберлік сыныптары, мотивациялық кездесулер, презентациялық түсініктемелер, жәрмеңкелер форматында жұмысқа орналасуға жәрдемдесу бойынша іс-шаралар өткізу;

-        Әлеуметтік зерттеулерге қатысу;

-        Жекелеген жастарға және жастар ұйымдарына құқықтық, әдістемелік көмек көрсету (сенім телефоны бар);

-        Қала кәсіпорындарында жастар ісі жөніндегі кеңестер құру (өзекті мәселелерді талқылау, шешу);

-        Жұмыс істейтін жастарды ауданның, қаланың қоғамдық өміріне тарту;

-        Жастар арасындағы ахуалды, жастар қоғамдық бірлестіктері мен студенттік ұйымдардың, этно-мәдени бірлестіктері мен үкіметтік емес жастар ұйымдарының қызметін мониторингілеу және талдау;

-        Аудан жастары жайлы ақпараттық төлқұжат әзірлеу.

 

«Жасыл ел» жастар еңбек жасағының нұсқаушысы, М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясының Жастар ісі жөніндегі комитетіінің төрағасы Нұрпейісов Әділ Тыныштықбайұлы:

-Бүгін Алатау ауданы жастар ресурстық орталығының ашылуына келіп отырымыз.  Жастар ресурстық орталықтардың ашылуын – ең бастысы жастарға көмек көрсету деп түсінемін . Жастардың қандай да бір жобаларын іскі асыруға, олардың қандай да бір қиыншылықтарына көмек береді.

 

Жастар ресурстық орталығында Ашық есік күндері өткізіледі, оған Жұмыспен қамту орталығы мен Тұрғын Үй Құрылыс жинақ банкінің, сондай-ақ, ұйымдардың арнайы жіберілген мамандары шақырылады. Осындай Жастар ресурстық орталықтары өз қызметін Алматы қаласының барлық 8 ауданында жүзеге асырады.

Шара барысында  Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту Мемлекеттік қорының директоры Ауғанбаева Алма Құрманқызын әңгімеге тарттық.

"Адырна": Жастар орталығын құрудағы негізгі мақсат?

Алма Құрманқызы: Алматы қаласы әкімдігінің тапсырмасы бойынша барлық аудандарда жастар ресурстық орталығын ашуды қолға алып жатырмыз. Жастар ресурстық орталығының негізгі мақсаты – жастармен жұмыс жасау, жастарға қолдау көрсету, жастарға психологиялық, құқықтық кеңестер беру, семинар- тренингтер өқтізу. Жастардың уақыттарын тиімді пайдалану. Қазір төтенше жағдайға байланысты көп жастарымыз жұммыссыз қалып отыр. Сол жастарға жұмыс табуға жәрдемдесу. Жастарды жинап,  олардың қиындықтарын сұрақтарын шешіп отыратын,  дұрыс бағыт көрсететін орталыққа айналады.

"Адырна": Орталық жастарға қандай нақты көмек көрсете алады?

А.Құрманқызы: Кеңес беру, психологиялық консультациялар жұмыстары жүргізіледі. Сайт және әлеуметтік желі парақшасы арқылы республика бойынша, Алматы қаласы бойынша жастарға қатысты қандай жобалар бар,  сол туралы ақпараттар берілетін болады. "Алматы жастары" деген бағдарлама бар.  Сол бағдарлама бойынша  жастардың сұрақтарына жауап беріліп, көмек көрсетіледі.  Орталықтың ішінде Жұмыспен қамту орталығы  мен Тұрғын үй Құрлыс жинақ банкінің қызметкерлері қызмет етеді. Жыл сайын ұйымдастырып жүрген шараларымыз да өтіп тұрады. Жастарды спортқа, шығармашылыққа, қолөнерге баулу секілді  бағыттар бойынша жасаймыз. Жастардың барлық сұраныстары  бойынша қызмет етуге дайынбыз.

"Адырна": Алдағы жоспарларыңыз туралы айта кетсеңіз?

А.Құрманқызы: Алматы – ең үлкен мегаполис. Жастар саны өте көп. Жастар арасындағы мәселелерді зерттеп, оларды дұрыс бағытта жүруіне қаламыздың 8 ауданының барлығында осындай орталық ашамыз. Барлығы рет-ретімен ашылуда.

Гүлвира Асқарқызы,

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер