Полиция департаменті: Шорнақ ауылындағы жағдай тұрақты

3209
Adyrna.kz Telegram

Түркістан облысы Шорнақ ауылындағы жағдай тұрақты. Бұл туралы Түркістан облысының полиция департаменті хабарлады.

 

"Әлеуметтік желілерде бір топ азаматтар полиция қызметкерінің қатысуымен өздерінің наразылықтарын білдірген бейнежазба таралған болатын.

Бұған дейін хабарланғандай, Түркістан облысы Кентау қаласына қарасты Шорнақ ауылында полиция қызметкерлері алдын алып, тоқтатқан тұрмыстық жанжал орын алды.

Оқиға орнына бірінші болып келген Кентау қалалық ПБ-нің учаскелік полиция инспекторы жанжалды жағдайды тоқтату шараларын жүргізді. Полиция қызметкері алған жарақатына және азаматтардың белсенді бағынбаушылығына қарамастан өз міндетін атқарып, күш пен атыс қаруын қолдануға жол бермеді. Учаскелік полиция инспекторы мен үш ауыл тұрғыны тастан жарақат алған. Оларға медициналық көмек көрсетілді.

Келесі күні Шорнақ ауылында арандатушылар жиналып, жақын маңдағы ауыл тұрғындарын заңға қайшы әрекеттер жасауға шақырған. Аталған жайт полиция қызметкерлерімен бірден тоқтатылды. Ауыл тұрғындарымен облыстың қоғамдық және әкімдік өкілдері кездесті.
Жүргізілген іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 4 азаматты анықтап, ұстады. Оның 2-еуі соттың шешімімен қамауға алынды. Қазіргі уақытта орын алған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда. Бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, - делінген хабарламада.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер