Е.Мұхамеджан КАЗГЮУ Университеті басқарма төрағасы орынбасары болып тағайындалды

2408
Adyrna.kz Telegram

Ерболат Амангелдіұлы Мұхамеджан "М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды “Адырна” ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ерболат Мұхамеджан Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономика Университетін “Экономика”мамандығы бойынша тәмамдаған. Үйленген, балалары бар.

Әр жылдары “Дана жол” қолданбалы экономика орталығында экономист-талдаушы болып жұмыс істеген.

Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-де оқытушы, KAZGUU-дің Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар Жоғары мектебінде аға оқытушы, “Қазақстан” РТРК-да редактор-тележүргізуші қызметтерін атқарды.

ШҚО Үржар ауданы әкімінің аппаратында жұмыс істеген, сондай-ақ "Atameken TV" арнасында бас продюсердің орынбасары болған.

Осы уақытқа дейін ҚР Білім және ғылым министрінің кеңесшісі қызметін атқарды.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер