Мұғалімдер оқушы қыздарды зорлап, ата-аналарынан ақша бопсалаған

9972
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысы, Үштөбе қаласындағы мектептердің бірінде сұмдық жағдайдың беті ашылды. Үштөбе қаласындағы екі мектептің мұғалімдері өз оқушыларын бір жыл бойы зорлап келген деген күдікке ілінді деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы 31 арнаның "

">Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Тамыздың 13і күні Үштөбе қаласындағы Бикен Римова атындағы мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі мен Кемел Тоқаев атындағы мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімінің үстінен ата-аналардан шағым түскен. Қолда бар мәліметке сай, күдіктілер қыздарды бір жыл бойы зорлап келген және қыздарды қорқытып, ата-аналарынан ақша бопсалаған деген ақпарат бар. Жағымсыз хабар күдіктілердің әйелдері арқылы әшкере болған. Күйеулерінің жас қыздармен қыдырыс жасағанын анықтаған әйелдер тіпті қыздарды соққыға жықты деген де сөз бар.

Осы жағдайдан кейін ғана жеткіншектер мұғалімдерінің бір жылдан бері зорлап келгенін айтқан.

Алматы облысы Қаратал аудандық прокуратурасының мәліметінше, ата-анасының шағымынан кейін мұғалімдер дереу қамауға алынған. Ал үшінші тұлға үй қамаққа алынды.

Ал әріптестері күдіктілер туралы жақсы пікірін білдіріп, олардың мұндай әрекетке барғанына сенбейді.

"Ол кісілер ондай жасамайды. Оқушылардың өздері... Жанжалмен, бір жағдайлармен болған нәрселер ғой. Ол жерде бұл мұғалімдердің қатысы жоқ" - дейді мектеп директорының орынбасары.

Екінші күдікті сабақ берген мектеп басшылығы да одан ешқандай жағымсыз қылық байқамағанын атап өтті. Ол Бикен Римова атындағы мектепке екі жыл бұрын жұмысқа тұрған.

Аталған жағдай белгілі болғаннан кейін мектеп басшылығы ата-аналардың рұқсатымен оқушыларға психологтар түсіндіру жұмыстарын жүргізгенін айтты. Ал, ата-аналар бұл жағдайдан хабарсыз болып шықты. Енді олар балалары үшін алаңдап отыр.

Қазіргі таңда күдіктілер қамауда отыр. Олардың үстінен ҚК-тің "зорлау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Фото ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер