Алматыда кинотеатрлар жұмысын бастайды

2825
Adyrna.kz Telegram

Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қалада кинотеатрлаардың ашылуына рұқсат берді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

«Бүгін біз кинотеатрларға жұмыс істеуге рұқсат бердік. Алайда, залдың 30 пайызы ғана толуы тиіс. Келушілердің саны бір сеанста 50 адамнан аспауы керек. Нысандарда тепловизорлар, санитайзерлер болғаны шарт. Әлеуметтік қашықтық шарттары сақталып, ҚР Бас санитар дәрігерінің №58 қаулысының талаптары орындалуы тиіс», - деді Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин.

 

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер