Нұр-Сұлтан қаласында полиция күшейтілген тәртіппен жұмыс істейді. Бұл 16-20 желтоқсанда ел бойынша Тәуелсіздік күнін атап өтумен байланысты қолға алынды, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
аталған хабарламада: "Қауіпсіздік үшін көшелер мен көпқабатты үйлердің ауласы, әсіресе көңіл көтеретін орындар орналасқан аудандарда және адамдар көп жиналатын орындарда патрульдер болады. Көшелерде пабруль қызметінің нарядындағы мамандарды көбейтеміз", - делінген.
Сондай-ақ полицейлер карантин режимінің сақталауын қадағалайды.
Сурет ашық дереккөзден
Ұқсас жаңалықтар
Әкесі Сарыағаштағы балақайдың өліміне полиция кінәлі деді. Алматыда бір бүлдіршін өгей шешесінің қолынан өлім құшты. Сот пен полицияны қайтадан құру керек сияқты!