8 наурыз күні Ақтау қаласының қыз-келіншектері автобуспен тегін жүре алады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі жазды.
«8 наурыз күні қаладағы барлық бағыттағы қоғамдық көліктердегі (№ 2, 3, 4, 4м, 5, 7, 8) жол ақысы қыз-келіншектерге, әйел адамдарға тегін болатынын хабардар етеміз. Құрметті нәзік жандылар, мерекелеріңізбен құттықтаймыз!»-делінген хабарламада.
«Адырна» ұлттық порталы