YouTube блогерлерге салық салмақ

2212
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/03/4839a066-65ac-431c-add5-e87c8500c9fe.jpeg
Google компаниясы жаздан бастап АҚШ-тан тыс жерде орналасқан YouTube блогерлерге табыс салығын салмақ, деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.
«Google 2021 жылдың маусым айынан бастап АҚШ-тан басқа мемлекеттерде тұратын видеоблогерлерге салық салатын болады. Бұл сіздің табысыңызға әсер етуі мүмкін. Сондықтан, Google компаниясы салық мөлшерін дұрыс анықтау үшін AdSense-ке тиісті салық ақпаратын 2021 жылдың 31 мамырына дейін беруіңізді сұрайды. Егер сіздің салық ақпаратыңыз 2021 жылдың 31 мамырына дейін берілмесе, Google сіздің ғаламдық YouTube табысының 24% -на дейін шегермек», – деп жазды компания.
Егер блогер қажетті ақпаратты ұсынса, оның салық ставкасы АҚШ-қа тиесілі табыстың нөлден 30% -на дейін болатындығы және тәуелді болатындығы нақтыланады. Google АҚШ-тың ішкі кірістер кодексінің 3-тарауына сәйкес белгілі бір жағдайларда табыс әкелетін және салықты ұстайтын шетелдік  видеоблогерлерден салық ақпаратын жинауға жауап беретіндігін түсіндірді.
 
Пікірлер