Алматы тауларында қар көшкіні жүруі ықтимал, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
26-27 наурызда Үлкен және Кіші Алматы өзендерінде (2100 м биіктікте) тау басындағы қардың еруінің және тұрақсыз жағдайдың әсерінен жауын-шашынға байланысты қар көшкіні жүруі мүмкін деп болжап отыр Қазгидромет РМК.Қар көшкінін ықтималдылығына байланысты, қауіпті беткейлерге бару ұсынылмайды.
Қар көшкіні кезінде қандай әрекетке барған жөн?
- Қар жауып тұрған уақытта және қолайсыз ауа-райында тауға шықпаңыз;
- Тауда болғанда, ауа-райына назар аударыңыз;
- Қар көшкіні жүруі мүмкін жерлерден аулақ болыңыз (көбінесе олар тау беткейлерінде болады);
- Қар көшкінінен қауіпсіз жерге тез қозғалыңыз;
- Егер қар көшкінінен қашып кету мүмкін болмаса, заттардан арылыңыз, көлденең күйде тұрыңыз, тізеңізді асқазанға қойыңыз, денеңізді қар көшкіні қозғалысының бағытына бағыттаңыз;
- Егер сіз қар көшкініне түссеңіз, мұрын мен ауызды қолғаппен, шарфпен жабыңыз, қар көшкінінде жүзу қозғалыстарымен шетіне қарай жылжыңыз;
- Қар көшкіні тоқтаған кезде бет пен кеуде тұсын тазалаңыз, тыныс алуға орын жасаңыз;
- Айғайлаудың пайдасы жоқ, қар дыбыстарды толығымен өзіне сіңіріп алып оны мүлде естіртпейді, өз күшіңізді үнемдеңіз;
- Жоғарғы аймақ пен төменді анықтап алыңыз (аузыңыздағы сілекейді жойыңыз), мүмкіндігінше тезірек шығуға тырысыңыз, аяғыңыздың астындағы қарды қозғап, оны таптаңыз;
- «112», «109» жедел нөмірін теріңіз.
"Адырна" ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар
Соңғы 10 жылда қала өте жылдам әрі ретсіз өсті. Алматының аумағы екі еседен астам кеңейді. Бірақ инфрақұрылымның дамуы әр жерде әртүрлі болып отыр.
