3 жасар қыз жүріп бара жатқан көліктен құлап түсті

3605
Adyrna.kz Telegram

Ғаламторда кішкентай қыздың Hyundai Elantra көлігінен құлап түскен видеосы пайда болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Кейінірек полиция анықтағандай, жүргізуші 3 жасар қызын алдыңғы жолаушылар орнына қауіпсіздік белбеуінсіз отырғызған 32 жастағы әйел болған.

Алматы облысы полициясының хабарлауынша, оқиға 17 мамырда таңғы сағат 10 шамасында Іле ауданы Өтеген батыр ауылында болған.

Әйелге қатысты әкімшілік іс қозғалып, ӘҚБтК-нің 593-бабы, 1-бөлігіне сәйкес жауапкершілік қарастырылған.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от @kris_p_kz +21 | 🇰🇿Kz (@kris_p_kz)

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер