Қазақстанда СOVID-19-ға қарсы вакцина алғаннан кейін 1 437 адам немесе жалпы вакцина салдырғандардың 0,05 пайызы коронавирус жұқтырған деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова мәлімдеді.
"Бүгінге дейін вакцина алғаннан кейін 1 437 адам ауырған. Бұл — төмен деңгей, яғни, 0,05 пайыз. Өндірушінің өзі вакцинаның тиімділігі 92 пайыз дейді, яғни 100 адамның сегізі ауырып қалуы мүмкін. "Спутник V", "Hayat-Vax" және "QazVac" салдырғандар арасында науқастар бар", - деді А.Есмағамбетова Орталық коммуникациялар орталығында өткен онлайн-брифингте.
Оның айтуынша, елде "Спутник V" алғашқы дозасын алғандардан 979 адам ауырып қалған. "QazVac-тан" кейін 8 адам, "Hayat-Vax" вакцинасын салдырған соң 35 адам вирус жұқтырған.
"Адырна" ұлттық порталы.