Біздің Құдайымыз - Ақша!

2295
Adyrna.kz Telegram

Жапониялық, ағылшындық, германдық, американдық компания басқару жүйесі бізге 100 жылда да келмейтін сияқты.
Бізде надан сана, надан қарым қатынас, надан әрекет. Бір бірін ешқашан сыйламайды. Ойлағаны ақша. Тәңірі де ақша, құдайы да ақша.

Оны компаньон болып жұмыс істесеңіз көресіз.
Біз бірнеше компанияның серіктесі болдық қой.
Өмірдегі практикадан айтып жатырмын.
Жалпы, бізде жүйе де, сана да ақшаға байланған.
Бұл жуық арада тығырықтан шығармайды, тығырыққа тығып тастай береді.

Бір бірін демеп, тығырықтан шығарып жіберейін деген ниет ізімен жоқ бізде.
Себебі, сенім өлген. Ниет те өлген. Жалған үмітпен жүреді.
Талай жігіттердің жігері мұқалып, талай жігіттер шағылып, шашылып қалды. Тек адуынды, шыдамды, төзімділері ғана аман қалады.
Бұл жүйеде шыдап, соңына дейін бару екінің бірінің қолынан келмейді.
Тонау, өктемдік ету, ақысын жеу.
Қазақты да, Қазақстанды да жуық арада жарылқаймын деген адам жардан құлайды.

Қазақстан қоғамының санасы өркениетті жұмыс жасамаса, гуманизм мен адамгершілікті жолға қоймаса, Қазақстан дамымайды.
Тез арада Қазақстан қоғамының санасына переустановка жасамаса, шағылып, жаншылып, ақыр соңы тұтас жауапкершіліктен жұрдай болып, регресс жайлайды. Бұл жақсылық емес.

 

Бекболат ҚАРЖАН,

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер