Алматыда өткен тәулікте «дельта штамын» жұқтыру бойынша 36 жағдай анықталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлады.
"Өткен тәулікте Алматыда мутацияланған штаммдардың болуына 46 сынама зерттелді. Оның 36-да «дельта штаммы» анықталған. Сонымен, «үнді» штаммының үлес салмағы 78,3% құрайды. «Альфа» («Британдық») штамм 8 сынамадан табылған және оның меншікті үлесі 17,4% құрайды. Яғни, қоздырғышта өзгеріс бар", деп мәлімдеді Алматы баспасөз қызметі.
Бұрын Нұр-Сұлтан мен Алматыда «дельта штаммының» («үнділік» COVID-19 штаммы) айналым мүмкіндігі анықталды. Мутацияның болуын түпкілікті растау үлгілерінің геномдық тізбегі аяқталғаннан кейін анықталады.
"Адырна" ұлттық порталы