1000 жылдан кейін: Қытайда апат болуда

7457
Adyrna.kz Telegram

Қытайдың орталық аймағында нөсер салдарынан су тасқыны болуда. Чжэнчжоу қаласының метросын су басып, 12 жолаушы қаза тапты. Метродан 500 жолаушыны құтқарудың сәті түскен. Жалпы алғанда орталық аймақтан  200 мың адам қауіпсіз аймаққа көшірілген. 

Хinhua агенттігінің хабарлауынша Чжэнчжоу қаласына 24  сағаттың ішінде 457,5 мм деңгейіндегі жауын жауған. Бұл аталмыш қаладағы жаңа ркеорд болып табылады.

Қатты жауын әсерінен Қытайдың орталық аймағындағы көлік қатынастары тоқтап, ел экономикасына айтарлықтай шығын келген. Синоптиктер нөсердің көлемін 1000 жыл ішіндегі ең көлемдісі деп атап отыр. Жауын тоқтамаса, ауыл шаруашылығына маңызды алқаптарды шайып кетудің қаупі бар.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер