Қара түсті бетперде қауіпті ме?

3992
Adyrna.kz Telegram

Дәрігер Елена Морозова қара түсті бетперде сәнді болғанымен, қауіпті болуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "glavnoe.net" сайтына сілтеме жасап. 

Елена Морозованың айтуынша, карантиннің ұзаруына байланысты ерекше бетперделердің саны күн сайын көбейіп келеді.

Маман қара түсті бояғыштың аллергенді екенін айтады. Әсіресе бетперде арзан синтетикадан жасалса, дерматоз үлкен мәселе тудыруы мүмкін.

Мақта-матадан тігіліп, сапалы бояғышпен боялса, мұндай бетпердені тағуға болады. Егер өнімнің қандай материалдан жасалғанын білмесеңіз, ақшыл түстегі матадан тігілгенін не болмаса қарапайым медициналық масканы таңдаған жөн.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер