САБИТ РЫСБАЕВ: Сабақ аларда да сауатты, көзі ашық, айтары бар адамнан алған дұрыс

2318
Adyrna.kz Telegram
Қазіргі уақытта әлеуметтік желідегі шулы тақырыптардың бірі инфобизнес саласындағы дау дамайға 5 тиынымды қоса кетсем. Өткенде Стамбулда қазақтарды лақтырып кеткен қыз жайлы қарап шықтым.
Менің 6 жасар ұл балам шашын тықырлап алып тастағысы келмейді. Анау Ұлдана деген қыз болса да шашын тықырлап алып тастаған біреу сияқты ғой. Ондай адамдарда психикалық травмасы бар ма деп ойлаймын. Адам деген тренинг таңдарда кімнің кім екенін білу керек қой. Ертең тағы бір блогер шығып Дубайға кеттік сол жақтан бай боламыз, товар аламыз десе оның да артынан еріп кететін сияқтымыз ғой.
Өзім ютубтан ТТБ-ның сұқбаттарын жібермей көремін. Қуаныш Шоңбай да тренер. Ютубтағы проектісі де сол сабақтарына жарнама деп ойлаймын. Қуаныштан не жаманшылық көрді халық? Оқыған тоқыған білімін сатып жатыр. Сосын “Дәулеттен баспанаға бағыт” деген сабақты оқып неше отбасы баспаналы болды. Айнурдың сабағын тыңдап, қосымша табыс тауып жатқан әпкелерім бар. Жалпы инфобизнес бүкіләлемдік тенденция. Одан қашып құтыла алмаспыз. Білімді адамдар шығып білімін тәжірбиесін онлайн, керек болса оффлайн сатып жұртқа пайдасын тигізіп жатыр. Әлем осындай жарықты пайдаланып жатқанда біз мұнда анау алаяқ, мынау алаяқ деп май шаммен отырмайтын шығармыз. Бір тренер адамдарын лақтырды деп бәріне топырақ шашуға болмайды ау. Тырқыратып бұларды қуып шыққанмын орнын Ресейлік Хакамада, Аляуитдиновтар толтырар. Олардың бағасы біздікілерден бірнеше есе қымбат.
Жалпы бизнес тренинг болсын, басқа тренинг болсын бұл адамның басындағы кейбір рамкаларды алып тастау сияқты көрінеді маған. 1-2 айлық курс тұрмақ 4 жыл бір мамандықты оқығандар да университет бітірген соң мамандығымен жұмыс істеп жатқан жоқ қой. Кейбіріне сол дипломның пайдасы тиеді. Кейбірі заңгерлік дипломмен сантехник болып жүр дегендей. Әркім өзі шеше жатар. Бірақ сабақ аларда да сауатты, көзі ашық, айтары бар адамнан алған дұрыс.
Пысы. Қазір осындай сабақтармен ауырып қалдым. Пысы2. Жұрттар сияқты ұзын пост жазып астына әдемі түскен суретімді қояйын десем бойым 1.5 метр, артық салмағым бар, шашым ағарған, сіңірлерский киім киген соң ұялдым қоюға.
Пікірлер