18 жасар мәнерлеп сырғанаушы жол апатынан қайтыс болды

2744
Adyrna.kz Telegram

Итальяндық мәнерлеп сырғанаушы Элли Маттиуццо күйеу жігітімен бірге жол апатынан қайтыс болды, деп хабарлайды "Адырна" сайты.

Қайғылы оқиға Сан-Марино маңында болды, деп хабарлайды La Gazzetta dello Sport. Маттиуццо мен оның жігіті Даниэле Воланти болған көлік, қарсы жолаққа шығып кетіп,  Volkswagen Golf көлігімен соқтығысқан. Маттиццо мен Воланти оқиға орнында бірден көз жұмды. Жас жұбайлар сол күні некелескен болатын. Тағы бір көліктің жүргізушісі зардап шекті.

Жас өнерпаз Италия құрамасының құрамында мәнерлеп сырғанаушы ретінде екі жыл бұрын синхронды коньки тебуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысқан болатын.

"Адырна" ұлттық порталы

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер