Әл-Фараби ауданында ашық спорт алаңшаларының саны артуда

2417
Adyrna.kz Telegram

Бүгінгі таңда Әл-Фараби ауданы аумағында барлығы 68 спорт алаңшасы орнатылған. Оның ішінде 31 ашық спорт алаңшасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында халық игілігіне берілуде.

Заманауи үлгіде салынған спорт алаңшалары барлық стандарттарға сай. Онда воркаут аймағы, фитнес, волейбол, баскетбол және кіші футбол ойнауға мүмкіндіктер қарастырылған.

Аудан әкімі салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқара спортын дамыту мен жастардың бос уақытын тиімді пайдалану бағытындағы жұмыстарды жіті назарда ұстауда.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Пікірлер