Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев террористер екі әскери қызметкердің басын кесіп алғанын айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
- Бандиттер полицейлерге, әскерилерге шабуыл жасап, ұрып-соққан. Екі әскери қызметкердің басын кесіп алған, - деді Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясында сөйлеген сөзінде.
"Адырна" ұлттық порталы