Қызылорда облысында тәртіпсіздіктер кезінде 21 адам көз жұмған

2532
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/01/548e4b19-1fac-4212-92c5-84e8ecbca56c-960x500.jpeg?token=b7ffcde8ddc379df0b2b1978db7680b0
Қызылорда облысында тәртіпсіздіктер басталғалы 21 адам көз жұмған. Бұл туралы Қызылода облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
"Осы уақытта 204 адам медициналық көмекке жүгінді, олардың ішінде 48 адам стационарлық ем қабылдап жатыр, 13 адам жансақтау бөлімінде, олардың жетеуі — әскери қызметкер. Бір әскери қаза тапты. Қаза болғандардың жалпы саны — 21", - деді баспасөз қызметі.
 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер