Президент мұғалімдерге арналған бағдарлама әзірлеуді тапсырды

3681
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/01/2021_10_05_1599652645_05.jpg
Президент Қ.Тоқаев мұғалімдерге арналған арнайы бағдарлама әзірлеуді, алдағы уақытта гуманитарлық емес, техникалық мамандықтарды көбейтуді тапсырды,  деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. "Басымдық сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз етуге берілуі крек. Бұл — бүкіл қоғам дамуының ең маңызды факторы. Мектептерді материалдық ресурстармен қалай қамтамасыз етсек те, жақсы мұғалімдерсіз білім сапасын арттыру мүмкін емес. Ахмет Байтұрсынов айтқандай: "Мұғалім – мектептің жүрегі". Сондықтан мұғалімдер жетіспейтін өңірлер үшін тиісті қолдау шаралары кешені мен үздік мұғалімдерді тарту бойынша арнайы бағдарлама әзірлеуді тапсырамын", - деді Тоқаев Мәжіліс отырысында. Сондай-ақ, Президент жоғары білімнің қолжетімділігі мен университеттердің бәсекеге қабілеттілігі мәселесін шешуді тапсырды.    

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер