Қос Корея басшылары 65 жылдан кейін кездесті

5963
Adyrna.kz Telegram
http://adyrna.kz/content/uploads/2018/04/hqdefault-4.jpg
Әлемдік саясатты үлкен өзгерістер күтіп тұр. Себебі бүгін Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын тұңғыш рет Оңтүстік Корея жеріне аяқ басып, әріптесі Мун Чжэ Инмен кездесті. Екі ел басшылары қырғи-қабақ дәуірін артта қалдырып, ынтымақтастық орнатуға уағдаласты. Мемлекет басшылары шекарадағы демаркация сызығында кездесті. Езулері жиылмаған Ким Чен Ын мен Мун Чжэ Ин қол ұстасып сызықтың екі жағына да шығып көріп, соңынан Оңтүстік Корея жағындағы рәсімге қатысты. Президенттер ресми кездесуден кейін бірігіп ағаш екті, ал кешке таман тіпті кино көру жоспарланған. Айта кетейік,  Солтүстік Корея президенттері сонау 1953 жылғы корей соғысынан кейін көрші елге аттап баспаған. __________________________________________________________________________________________________________________

31.kz

댓글
기타 기사