Айдос Сарым депутат мандатынан айырыла ма?

2874
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/06/huijrltnbjytgcjuuep0msja7l3arxabbl60ozew.jpg
Белгілі саясаттанушы Досым Сәтпаевты «балабол», «пацан» деп айыптаған мәжіліс депутаты Айдос Сарымның мәселесі әдеп кеңесінде қаралып, депутат мандатынан айрылуы мүмкін, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы   "orda.kz"-ке сілтеме жасап. Бұл туралы мәжіліс спикері Ерлан Қошанов журналисттерге берген сұхбатында айтты. — Өкінішке қарай, ол бейнежазбаны көрмедім. Бірақ қарап шығамын. Егер қажеттілік болып жатса, бұл мәселені әдеп кеңесінде көтеріп, қарауға болады, — деді Ерлан Қошанов. Еске сала кетейік, әлеуметтік желіде депутат Айдос Сарым мен саясаттанушы Досым Сәтпаев айтысқан болатын.  
"Адырна" ұлттық порталы    
댓글
기타 기사